Мектеп бітіру кештері
2019 жылы жалпы орта білім беретін ұйымдарда
жастар жылына арналған «Болашақ жастардікі» тақырыбында мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы
Мектеп бітіру іс-шарасының өткізілу күні – 2019 жылғы 12 маусым
Мектеп бітіру іс-шарасы – әр түлек өмірінде адамгершілік, қайырымдылық және алғыс білдіру сабағы болатын, өзіндік есею жолына бастау алатын мектептегі соңғы іс-шара
Мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы
- «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына;
- Н. Назарбаевтың ««Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы);
- «2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 53 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Түлектерге арналған салтанатты іс-шараның мақсаты: жастардың мектептегі кезеңіне қорытынды шығару жөніндегі ұйымдасқан және қауіпсіз салтанатты шара өткізу.
Түлектерге арналған салтанатты іс-шараның міндеттері:
- Қазақстандық мектеп түлегінің имиджін арттыру;
- мектеп дәстүрін сақтау, жаңарту;
- Қазақстандық мектеп бітірушінің сипатын БАҚ-да кеңінен тарату.
- «Алтын белгі», үздік аттестат иегерлерін дәріптеу арқылы білімді ұрпақ идесын насихаттау;
- «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» ұстанымын қастерлеу
- Ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім түлектерге әлеуметтік қолдау көрсету
- мамандық таңдауға бағыт- бағдарлар беру
Түлектер іс-шарасына енеді:
- 2019 жылғы 25 мамырдағы Соңғы қоңырау мерекесі;
- аттестатты салтанатты түрде табыс ету;
- түлектер акциясы – 2019 жылғы мамыр-тамыз.
Түлектер іс-шарасы тек қана мектеп шеңберінде, тек қана мектеп аумағында өтуі тиіс.
Түлектер іс-шарасының ұйымдастырушылары: ата- аналардың, қорғаншылық кеңестерінің ұйымдастыру комитеті, түлектер активі, шығармашыл жетекшілер тобы.
Түлектер іс-шарасының құрметті қонақтары: педагогика еңбегінің ардагерлері, облыстың, қаланың, ауданның, ауылдың құрметті тұрғындары, түлектердің ата-аналары, қорғаншылық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде жастардың, қамқоршы кәсіпорындардың өкілдері, демеушілер мен меценаттар, жоғарғы оқу орындарының өкілдері
Түлектер іс-шарасы бағдарламасының сценарийіне «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының, «Жас ұлан», «Жас қыран» республикалық қозғалысы көшбасшысының, жастар қоғамдық қозғалысы көшбасшыларының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің құттықтаулары енгізіледі.
Түлектер іс-шарасының серіктестіктігі: Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім бөлімдері, қосымша білім беру ұйымдары, мәдениет мекемелері ҮЕҰ, БАҚ.
Түлектер іс-шарасын өткізу жөніндегі ұсынымдар:
Басқалардың өмірін сақтау немесе су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қайырымдылық акциялары жөніндегі түлектер бастамасын қолдау «Түлектер кешінің орнына – балалар өмірін сақтау», «Туған елге - тағзым», «Туған елім – саған арналады», «Сыпайы түлектер кеші үшін!», «Жасыл табиғатты қорайық», т.б.;
өңірлік акциялар «Мектепке кітаптар сыйла!», «Өз мектебіңе көмектес!», «Түлек – сүйікті мектепке!»; «Түлектер қауымдастығы – жас түлекке»
бұқаралық қозғалыс: «Start school: сүйікті мектепті жақсартуға қатынас» «Мектебімнің ертеңі» мектеп түлектерінің қозғалысы, «Мектепте дәріс оқы» «Мектепте үйірме аш», «Ұлың және оның достары үшін тәрбие сағатын өткіз», «Қызым, саған айтам» табысты ата-аналар қозғалысы, «Мектеп болашағы үшін»;
қауіпсіз шаралар кешені:
түлектер іс-шараларын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы барлық түлектер мен қонақтарға нұсқаулық беру;
санитарлық және эпидемияға қарсы режимді, сондай-ақ жеке гигиенаны сақтау ережелерін қатаң сақтау қамтамасыз ету;
түлектер іс-шарасы өтетін барлық орындарда және аумақта кезекшілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлар туындағанда эвакуация жасау;
құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоғамдық тәртіпті сақтауға, ТЖ және денсаулық сақтау қызметкерлерін қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тарту.
Педагогикалық этиканы сақтау мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында:
- әкімшілік пен педагог қызметкерлерге ақшалай қаражат жинауға жол бермеу;
- мектеп бітіру шараларына дайындық барысында әр отбасының жағдайына қарау қағидатын сақтау;
- қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпте бүхгалтерлік есеп жүргізе отырып, кез келген қаржылық операция жүргізу.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымент қалаларының, облыстардың білім басқармалары кештің өткені туралы ақпаратты Министрлікке келесі күні – 2019 жылғы 13 маусымда жолдасын.