1 мамыр
«Кладбинка жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де 1 мамыр мерекесіне арналған іс-шаралардың бірыңғай форматын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеуге арналған жоспар құрылды.
№ | Іс-шаралар | Күні | жауапты |
1 | 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күнін дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту | 22.04 | Директордың ТЖ орынбасары, мектеп тәлімгері |
2 | тақырыптық сынып сағаты«Біз бір отбасымыз!», «Біз бәріміз бірміз және доспыз!» | 24.04 | Сынып жетеқшісі |
3 | «Денсаулық жолында» – баскетбол ойыны 8-9 сынып оқушылар арасында | 25.04. | Дене шынықтыру мұғалімдері |
4 | Ұлттық ойындар фестивалі «Кең шеңбер» | 26.04 | Бастауыш сынып жетеқшісі |
5 | Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі | 30.04 | Ата-аналар комитеті |
6 | «Ұлттар көп- достық бір» мерекелік концерті | 30.04 | Директордың ТЖ орынбасары,сынып жетеқшісі Классные руководители |
7 | Жастарға мерекелік дискотека «Қазақстан көптеген ұлттарды біріктірді» | 01.05. | Директордың ТЖ орынбасары, әлеуметтік педагогы |
2019 жылдың 22 сәуірінде мектеп әкімшілігі 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мектеп тәлімгері Т. П. Устинованың мерекелік безендіруімен басталды.
24 сәуірде сынып сағаттарында сынып жетекшілері осы мерекенің басталуы туралы ақпаратты дайындады. Окушылар Қазақстан Республикасы халықтар ынтымағы туралы әңгімелер, презентация өткізілді және сөзжұмбақ шешті .
Сынып жетекшілері оқушылармен бірге мектеп ауласында қоқыс жинау сенбілігіне қатысты.
25 сәуірінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері Г. А. Грабовский мен С. Т. Шумеков баскетболдан жарыс ұйымдастырып, өткізді.
26 сәуірінде бастауыш сынып жетекшілері «Кең шеңбер» ұлттық ойындар фестивалін өткізді. Онда бастауыш сынып оқушылары 2 ұлттық ойын дайындады.
30 сәуірінде мектептің ата-аналар комитеті Ұлттық тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
30 сәуірінде әр сынып оқушылары қонақтарды өзінің кішкентай "ұлттық" елінде қарсы алды. Әр сынып Қазақстанда тұратын ұлттарға бөлініп, шағын көріністер дайындады. Балалар қонақтарды және қазылар алқасын өздерінің музыкалық құттықтауларымен қарсы алып, ұлттық тағамдармен марапаттады.
Осымен бұл мереке аяқталған жоқ, әрі қарай барлықтарын "бірлік күні"мерекелік концерті күтіп тұрды. Бұл концертте көп ұлтты Қазақстан Республикасының қонақтары қатысты. Оқушылар әр ұлттың бағдарламасын ұсынды.Концерт өте көңілді және жарқын өтті. Оқушылар өзбек, орыс халық, татар және қазақ билерін биледі. Бұл концертте оқушылар көркемөнерпаздар нөмірлерін көрсетіп қана қоймай, халық билерін, әндерін, өлеңдерін орындады, сонымен қатар барлық ұлттардың "Веселый хороводын" ұйымдастырды. Осы арқылы әр тілде сөйлейтін әр түрлі дәстүрлерін, адамдардың мәдениетіне деген құрмет пен дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Гран-при грамотасы 9 сынып оқушыларына берілді . оқушылар "Үздік ұлттық костюм", "ұлттық тағам", "үздік өнер көрсету" номинациялары бойынша грамоталар алды.»
Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлауы «Қазақстан көптеген ұлттарды біріктірді» аты мерекелік дискотекамен аяқталды.