«Бала тілі –бал»
«Кладбинка Жалпы орта білім беру мектебі» КММ 21 қыркүйекте Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған бастауыш сынып және мектепалды даярлық тобы оқушылары арасында «Бала тілі –бал» атты қазақ тілінде мәнерлеп оқудан байқау өтті. Байқаудың мақсаты : балаларға қазақ тілі туралы түсінік беру, қазақ тіліне сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын молайту.
Байқау мектептің кітапханасында өтті. Қазылар алқасы оқушылар арасынан жақсы мәнерлеп оқыған оқушыларды анықтады. Олар: Фомин Денис, Толмачева Александра, Кузнецов Матвей. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықпен марапатталды.